2021 жылдың 27-29 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық қашықтық инновациялық идеялардың конкурсына қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің
10 жеңімпазы қатысты.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан 3 қатысушы жүлделі орындарға ие болды:
І орын «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру»номинациясы бойынша - Титов Никита (Глубокое ауданы, «Жас техника станциясы» КМҚК);
І орын «Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша - Пикулев Степан (Семей қаласы, «Экономикалық лицейі» КММ);
ІІІ орын «Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар» - Хмара Кирилл (Глубокое ауданы, «Жас техника станциясы» КМҚК).
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаз дипломдарының, басшылардың алғыс хаттарының, қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтта орналастырылған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!




