«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2020-2025 оқу жылдарға арналған Оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспары негізінде «Туған елің –Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауы өткізілуде.
Байқаудың негізгі мақсаты-балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу, баулу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру.
Байқау ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынған кітаптар тізіміне енгізілген авторлардың кітаптарының мазмұны бойынша өткізіледі.
Байқау төрт кезеңнен өтеді:
Бірінші кезең-аудандық;
Екінші кезең-облыстық;
Үшінші кезең (аймақтық) айналымның нәтижелері бойынша 5 жеңімпаз команда анықталады;
Төртінші кезең (республикалық) аймақтық айналымның 5 жеңімпаз командасы арасында өткізіледі.
Байқаудың бірінші кезеңіне облыстың 2664 оқушысы қатысып, 78 жеңімпаз 2021 жылдың 8 қарашасында облыстық кезеңге қатысады.
Конкурс жеңімпаздары I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сертификаттары табысталады.