+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушылар командасының «Ақберен» VIII республикалық өнер байқауына қатысуы бойынша қорытындысы
01 Қар, 18:25

Жас ұрпақтың бойынша отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгіру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдаумақсатында 2021 жылғы 29-31 қазан аралығында Ақтобе қаласында Шығыс қазақстан облысы оқушыларының командасы «Ақберен» VIII республикалық өнер байқауыныңқорытынды кезеңіне қатысты.

Байқау 6 номинация бойынша ұйымдастырылды:

- шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауып беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);

- көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);

- эсе жазу;

- ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);

- ақындар айтысы;

- ақындар мүшәйрасы.

Форум қорытындысы бойынша біздің команданың қоржынында:

ІІ орын – Серікқызы Ақгүл(Абай ауданы, «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты»);

ІІІ орын – Жарқын Амантай (Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»);

ІІІ орын – Туркестан Малика (Жарма ауданы, «Б. Тұрсынов атындағы орта мектеп»).

 

Балаларға жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!