Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылдың 20 қазанында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық қашықтық байқауын өткізді.
Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу;
- балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
- дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету.
Байқау – қазақ халқының батырлық эпостарының бірі «Ер Едіге» жырын жатқа айту бойынша өтті.
Байқауға облыстың жалпы білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлдегер атанды (қосымша).
https://disk.yandex.kz/d/eMaZI7YHQ_tmrw
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және барлық
қатысушыларға жаңа табыстар тілейміз!