I Жалпы ережелер
А.К.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім – дарынды оқушы» (ары қарай- конкурс) облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткізудің осы Ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына, жас таланттарды қолдаудың «Дарын» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы ұстаздың үздіксіз педагогикалық білімінің Тұжырымдамасына сәйкес дайындалған.
Осы Ереже Конкурстың мақсаты мен міндетін, оның ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығарып және жеңімпаздарды марапаттау, Конкурсты қаржыландыруды анықтайды.
Конкурсты Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының қолдауымен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы өткізеді.
II Конкурстың ұйымдастыру комитеті
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы (төрағасы) және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми– практикалық «Дарын» орталығының директорынан (төрағаның орынбасары) ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың тұжырымдамасын дайындайды;
- Конкурс кезеңдерін дайындап және өткізуді тікелей басшылыққа алып жүзеге асырады;
- қазылар алқасын құрып, бекітеді;
- Конкурс кезеңдерінің талабына сай қатысу үшін қажетті материалдар мен тапсырыстарды қабылдайды;
- шараның сайыс түрлерін, санын және өткізілу түрлерін анықтайды;
- Конкурс кезеңдерінің талабына сай талдап және жинақтап қорытындысын шығарады;
- Конкурсқа қатысушыларды және жеңімпаздарды марапаттау үшін номинацияларды анықтайды;
- Конкурсқа дайындықты, өту барысын және қорытындысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
- Конкурсқа қатысушылардың барлығының педагогикалық тәжірибелерінің кеңінен пайдаланылуына жәрдемдеседі.
III Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды оқушылар мен мұғалімдерді қолдау және марапаттау; білім мазмұнындағы жаңашаландырудың тиімді жолдарын іздеу; дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында жаңа технологияларды, педагогикалық идеяларды енгізу және тарату.
Конкурс төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
- инновациялық жұмыстарға талпындыру, дарынды оқушылар мен мұғалімдердің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеттерінің, олардың біліктіліктерінің дамуына жағдай жасау;
- оқушылар мен мұғалімдердің дарындылығын дамытуға мүмкіндік тудыру, білімдегі жұмыстарын жүзеге асырудағы уәжділіктерін қалыптастыру;
- дарынды оқушы және мұғалімнің бірлесе жұмыс істеуін, шығармашылық әрекеттестіктерінің вариативті түрлерін, дарынды балалармен жұмыс жүргізу аясында жаңа технологиялардың, педагогикалық идеялардың деректер базасын кеңейту;
- дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату;
- мұғалімдердің кәсіби педагогикалық шығармашылықтары мен шеберліктерін, келешектегі кәсіби өсулерін ынталандыру.
IV Конкурсқа қатысушылар
Конкурс ерікті түрде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларды облыстық білім мекемелері ұсынады.
Конкурсқа облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінің халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалар, жарыстар мен конкурстардан жоғары көрсеткіштері бар дарынды оқушылар мен осы білім мекемесінің түрлі пәндерден дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары нәтижеге жеткен ұстаздары қатыса алады.
Конкурсқа дарынды оқушылар мен мұғалімдердің бірлесе қатысуы міндетті шарт болып табылады.
Конкурсқа әр облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен жалпы білім беретін бір пәннен 1 (бір) дарынды оқушы және 1 (бір) мұғалім қатысады.
Қатысушының педагогикалық еңбек өтілі және жасы шектелмеген.
V Конкурстың ұйымдастыру комитетіне
құжаттарды ұсыну тәртібі
Қатысушыларды тіркеу үшін Конкурстың Ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылуы керек:
- білім мекемесінен мектеп директорының мөрі мен қолымен куәландырылған өтінім;
- мектеп директорының мөрі мен қолымен куәландырылған қатысушылардың мінездемесі;
- Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған мұғалім мен оқушының портреттік суреті.
Конкурстың Ұйымдастыру комитеті құжаттарды 2010 жылдың 29 қазанына дейін қабылдайды.
VI Конкурстың кезеңдері
Облыстық конкурс екі айналымнан тұрады:
1 – бірінші айналым- Конкурстың Ұйымдастыру комитетіне қатысушылар 2011 жылдың 10 қаңтарына дейін төмендегі материалдарды ұсынады:
1) мұғалімдер қағаз бетінде және электронды түрде – оқушылардың дарындылығын айқындау және дамыту бойынша жұмыс жүйелерін;
дарынды оқушылар – портфолио.
2) төмендегі тақырыптар бойынша эссе жазу (таңдауы бойынша):
мұғалімдер үшін – «Қазіргі заман мектебі: дәстүрден инновацияға» (мұғалімнің жеке үлесін көрсету), «Оқыта жүріп үйренеміз» (Сенека); «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» (Абай);
оқушылар үшін – «Ұстаз – тағдырымның бастауы»; «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» (Абай).
Эссе Ұйымдастыру комитетіне электронды және жазбаша түрде өткізілу керек.
Екінші айналым – екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең (08.02.– 15.02.2011 ж.):
мұғалімдер үшін – сабақ өткізу (жұмыс орындары бойынша);
оқушы үшін – білім мекемесінің өтінімінде көрсетілген пән бойынша олимпиадаға қатысуы.
Екінші кезең – Өскемен қаласында өтеді (02.04.2011 ж.):
Барлық қатысушылар үшін:
а) таныстыру карточкасы (2 минут);
б) қазылар алқасы ұсынған психологиялық–педагогикалық жағдайларды шешу.
Конкурстың әр айналымының қорытындысы конкурс аяқталған соң бірден шығарылып, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.
Конкурстың қорытындысы салтанатты түрде 02.04.2011 ж. шығарылады.
VII Конкурстың мазмұны және конкурс тапсырмаларын бағалау критерийлері
Конкурс осы Ережелер сипатын анықтайтын тапсырмалар қатарынан тұрады. Барлық сайыскерлер үшін бірдей шарт болу мақсатында Конкурстың тапсырмаларын бағалаудың критерийлері беріледі.
Оқушылардың дарындылығын (сырттай айналым) айқындау және дамыту бойынша жұмыс жүйесінде мұғалімнің жеке тәжірибе жұмысының сипаттамасы, оқушылардың дарындылығын дамыту және айқындау бойынша көрсеткен жұмысының нәтижесі керек. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстың түрін мұғалімдер өздері анықтайды.
Мұғалімдердің жұмысын бағалау критерийлері: оқушының дарындылығын айқындау және дамыту бойынша кәсіби жұмысының жүйесін жинақтап көрсету шеберлігі, олардың білігін қалыптастыру, тұжырымдылығы, өзектілігі, ғылымилығы, идеясының негізділігі және жаңалығы, тәжірибелік және әлеуеттік маңызы, технологиялығы, тәжірибе элементтерін басқа мұғалімдерге немесе басқа қызмет түріне ауыстыру мүмкіндігі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, жұмысының нәтижелілігі. Жұмыстың көлемі 20 жазба беттен аспауы керек.
Жұмысты Ұйымдастыру комитетіне жазбаша және электронды түрде ұсыну қажет. Файлдар жалпы қол жеткізерлік форматта болуы керек (А-4 форматтық бетте, 14-шрифтімен, Microsoft Office документі). Конкурсқа жіберілген жұмыстар талқыланбайды және қайтарылмайды.
Оқушының портфолиосында (сырттай айналым) жұмысының нәтижесі туралы ақпарат, мұғаліммен бірлесе істеген жұмысының ерекшелігі және жетістікке жету жолдарының сипаттамасын көрсету, бағытталған жетістікке өзін-өзі жүзеге асыруы (мысалы, жеке жоспары немесе оқытылу бағыты, түрлі сипаттағы оқыту және диагностикалық материалдары, қойылған мақсатқа жету жолдары, оқушының жалпы өзін бағалау туралы ақпарат, ары қарай дамытуды қажет ететін салаларды белгілеуі, қандай да бір біліктілігінің болуы туралы мәлімет, қорытынды түрінде көрсетілген оқушының шығармашылық жұмысы, оқу кезінде жеткен жетістіктерін айқындайтын құжаттар (сертификаттары, дипломдары және т.б.). Ұсынылған материалдардың эстетикалығы да қосымша бағаланады.
Оқушының портфолиосын сынып жетекшісі және мектеп директоры куәландырып, ұйымдастыру комитетіне жазбаша және электронды түрде ұсыну қажет. Жұмыстар талқыланбайды және қайтарылмайды.
Конкурстың басқа кезеңдерінің қорытындысы бойынша қатысушылардың ешқайсысы шығарылып тасталмайды. Жалпы қорытындысы барлық тапсырмалардың орындалуы бойынша қойылған ұпайлар санының қосындысынан шығады. Конкурстың бір кезеңінде бірнеше жеңімпаз болуы мүмкін.
VIII Конкурстың қазылар алқасы
Конкурстың түрлі кезеңіндегі жеңімпаздарды анықтау және қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының қызметі:
- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды анықтайды;
- сайыскерлердің құжаттары мен келген материалдарын қарайды;
- Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық және кәсіби қабілеттерін бағалайды.
- Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
Қазылар алқасы әрбір конкурс тапсырмаларының орындалуына рейтингтік жүйе бойынша 1-ден 10-ға дейін ұпай қойып, бағалайды.
Сайыскерлердің рейтингтік және барлық ұпай санының қосындысын есептегеннен кейін бірлесе талқылай отырып қазылар алқасы шешім шығарады. Тең түскендерге төрағаның дауысы шешуші дауыс болады.
Қазылар алқасының шешімі төрағаның және қазылар алқасының қолы қойылған хаттамалармен толтырылады.
ІХ Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінеді: І – орын 2 (бір мұғалім, бір оқушы), ІІ – орын 4 (екі мұғалім, екі оқушы), ІІІ – орын 6 (үш мұғалім, үш оқушы).
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен түрлі номинацияларда Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының грамоталары, сыйлықтар табыс етіледі.
Дипломдар мен грамоталар, сыйлықтар Ұйымдастыру комитеті бекіткен тәртіп бойынша салтанатты түрде тапсырылады.
Х Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген шығындар сметасына сәйкес қаржыландыратын болады.
Қатысушыларды Конкурсқа қатысуға іссапарға жіберу, сонымен қатар конкурстық жұмысқа қатысты безендіру шығындарын бағыттаушы білім мекемелері көтереді.