+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
VII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі
07 Қаз, 14:25

6 қазанда VII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған облыс әкімінің орынбасары А. Мұхаметчинов, білім басқармасының басшысы С. Жұмаділова, ШҚО қорғаныс департаментінің бастығы Қ. Қайырқанов, ШҚО ішкі саясат басқармасының өкілдері және Семей қаласының «Жас Қыран», Алтай қаласының «Сұңқар», Өскемен қаласының «Сұңқар» командалары қатысты.

Жиынға облыстың әскери-патриоттық спорт клубтарының ең лайықты командалары, 14-18 жас аралығындағы қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаз -  ұлдар мен қыздар қатысады.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубының командасы республикамыздың әскери-патриоттық клубтарының 39 командасы арасында жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, тамаша нәтиже көрсетті. Мұндай нәтижелерге ШҚО қорғаныс департаментімен және ішкі саясат басқармасымен табысты өзара ынтымақтастықтыңарқасында қол жеткізді.

«Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2021 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады, балалар конкурстық бағдарламаның 9 кезеңінде бақ сынайды. Әскери-патриоттық клубтардың командаларына жарыстарда лайықты жеңістер тілейміз!