Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 2021 жылдың 30 қыркүйегінде 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің 106 жеңімпаз оқушылары қатысты.
Өңірлік кезеңде оқушылар өз білімдерін математика, физика, биология және химия пәндерінен көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
1. І дәрежелі дипломмен-6 қатысушы;
2. ІІ дәрежелі дипломмен -14 қатысушы,
3. ІІІ дәрежелі дипломмен- 28 оқушы марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!