+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
6-8 сынып оқушыларына арналған «Оқы және жеңіске жет» II облыстық конкурсының қорытындысы
01 Қаз, 10:40

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп,  2021 жылдың 17 және 24 қыркүйегінде II облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.

Конкурсқа 200-ден астам жас оқырмандар – облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім беру ұйымдарының 6-8 сынып оқушылары белсене қатысты.

Қатысушыларға жазғы демалыс күндері жоба аясында ҚР БҒМ ұсынған кітаптар тізіміне еңгізілген шетел әдебиеті мен қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылды

Конкурс екі турдан өткізілді: онлайн-тестілеу және эссе.

Конкурс қорытындысы бойынша 39 жүлдегер анықталды, оның ішінде 1 орынды - 8 оқушы, 2 орынды – 12 оқушы, 3 орынды – 19 оқушы жеңіп алды.

2021 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 15.00 - де байқау жүлдегерлері үшін Zoom платформасында қазақстандық балалар жазушысы Ұларбек Қабдоллаұлы және  Камшат Әбілғазықызымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар кітап авторларына шығармалар бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

https://drive.google.com/drive/folders/1DLnWzFymnZ9Yqx1pTrz2Cey0alM8TZpF?usp=sharing

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!