+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістемесі бойынша оқыту семинарының қорытындысы
29 Қыр, 17:20

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында талантты оқушылар мен жастарды анықтау және қолдау жобалары жүзеге асырылуда. Соның бірі «Qabilet» қызметі.

«Qabilet» қызметі жобасы белгілі бір жастағы балалар мен оқушылардың  қабілеттілік  деңгейін анықтау мен кәсіптік бағдар беру тестілеуін өткізу, сондай-ақ қабілеттілік деңгейі жоғары балаларды одан әрі қолдау мен дамытуды қамтиды. 

Бұл қызмет пилоттық режимде бүкіл Республика бойынша, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында да іске қосылады, бірінші кезеңде жобаға 10-11 жастағы оқушылар  қатыса алады.

Аталған жоба аясында 2021 жылғы қыркүйектің 20-26 аралығында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының ұйымдастыруымен «Qabilet» қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында арнайы құрастырылған бірыңғай  әдістемелер «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістемесі бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқыту семинарының бағдарламасы балалардың психомоторлық саласын, шығармашылық қабілеттерін диагностикалау, сонымен қатар психологиялық диагностиканы электрондық форматта жүргізу  технологиясы, оқушыларды «Qabilet» қызметі платформасында тіркеу, диагностиканы онлайн және офлайн  форматтарда  өту және диагностика нәтижелерін бағалау  бойынша оқытылды.

Семинарға «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың  Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының қызметкерлері де қатысты. Оқыту семинары аясында тестілерімен және қабілеттілік деңгейлерін диагностикалау әдістерімен жұмыс істеу әдістемелері оқытылды.

Оқыту семинарына қатысушылар тестілеуден өтіп, семинар соңында сертификаттар табысталды.