+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
27 Қыр, 11:25

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру мен дарындылықты дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының, облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Қатысушылардың жас санаты: 2021 жылғы 1 қыркүйекке 13-17 жас.

Байқау 9 номинация бойынша өткізіледі.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Номинациялар бойынша жүлдегер болған 10 оқушы байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының 8/7232/752691 телефонына хабарласуға болады.