+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығына арналған «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 Қыр, 15:04

2021 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Бояулар құпиясы» республикалық қашықтық жас суретшілер конкурсына қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.

Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің 8 жеңімпазы қатысты.

Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Тәуелсіздік Қазақстан – балалар көзімен» жас суретшілердің көрмесі;

2) жас суретшілер сайысының номинациялары.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан 2 қатысушы жүлделі орындарға ие болды:

І орын «Сүйікті кітап иллюстрациясы» номинациясы бойынша –

Касенова Анастасия (Риддер қаласы);

І орын «Коллаж» номинациясы бойынша - Женжурина Мадина (Бесқарағай ауданы).

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаз дипломдарының, басшылардың алғыс хаттарының, қатысушы сертификаттарының электрондық нұсқалары www.ziyatker.org сайтта орналастырылған.

https://disk.yandex.kz/d/zMJYmoi5XCCoEQ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!