Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығымен Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қол қойылды.
Келісімшарт аясында тараптар облыстың дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, түрлі деңгейдегі олимпиадаларды ұйымдастыруда университеттің материалдық-техникалық инфрақұрылымын қолдану, бірлескен ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен көрмелерді ұйымдастыру, Ғылыми, Сырттай мектептерді, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып өткізуге келісті.
Бұл бірлескен қадам дарынды, талантты оқушылар мен студенттерді анықтауға, сондай-ақ инженерлік кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруға үлкен серпін береді.