Қазақстан Республикасында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 14 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен өзара ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа қол қойылды.
Келісім-шарт аясында тараптар облыстың дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, түрлі деңгейдегі олимпиадаларды ұйымдастыруда университеттің материалдық-техникалық инфрақұрылымын қолдану, бірлескен ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарлар мен көрмелерді ұйымдастыру, Ғылыми, Сырттай мектептерді, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып өткізуге келісті.
Университет ректоры М. Төлеген бұл бірлескен қадам олимпиада қозғалыстарына үлкен серпін беретінін, облыстың дарынды оқушыларымен жұмыста табысқа жетуге және өскелең ұрпақтың толыққанды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Жыл сайын дарынды балаларды дамытуға бағытталған олимпиадалар мен конкурстар университет базасындағы химиялық сараптама, физика, математика, биология, информатика, IT және робот техникасы зертханаларында өткізіліп келеді.


