Республикалық «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, А. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп 2021 жылдың 17 қыркүйегінде 6-8 сынып оқушыларына арналған II облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсы өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру
Қатысушыларға жазғы демалыс күндері жоба аясында ҚР БҒМ ұсынған кітаптар тізіміне еңгізілген шетел әдебиеті мен қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылды
Іріктеу кезеңіне 580 қатысушы қатысса, солардың ішінен 227 облыстық кезеңге қатысады.
6-8 сынып оқушыларына арналған II облыстық «Оқы және жеңіске жет» конкурсы екі турдан өткізіледі: онлайн-тестілеу және эссе.
Конкурс жеңімпаздары екі турдың қорытындысы бойынша анықталып, I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталса, барлық қатысушыларға «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сертификаттары табысталады.