2021 жылғы 8 қырқүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізілді.
Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жеңімпаздары қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) «Тәуелсіздік Қазақстан – балалар көзімен» жас суретшілердің көрмесі;
2) жас суретшілер сайысының номинациялары.
Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
https://disk.yandex.kz/d/zMJYmoi5XCCoEQ
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!