2021 жылғы 8 қырқүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.
Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Байқауға қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2004 - 2011 жылдары туылған 10 - 17 жас (18 жасқа дейін) аралығындағы аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Тәуелсіздік Қазақстан – балалар көзімен» жас суретшілердің көрмесі;
2) жас суретшілер сайысының номинациялары.
Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.