2021 жылғы 24-27 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXII Республикалық Абай оқулары онлайн форматта өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.
Шығыс Қазақстан облысынан байқауға облыстық қашықтық кезеңінің
жеңімпаздары болған 12 оқушы қатысты.
Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;
- «Абайдың қара сөздері» – Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;
- «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;
- «Ұлылар әлемі» – Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.
XXII Республикалық Абай оқуларына Қазақстанның барлық облыстарынан 120 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер рейтингінде жалпы командалық І орынды иеленді.
Жеңімпаздар тізімін www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
XXII Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар табыс етілді.
XXII Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!