+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХХХХХІ «Қазақстан оқушысы-2021» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы
16 Там, 10:31

ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы,  «Қазақстан велосипед спорт федерациясы» РҚБ, ШҚО әкімдігі, ШҚО білім басқармасымен 2021 жылғы 14 тамыз күні «Нұрлы жол» саябағында XХХХХІ «Қазақстан оқушысы-2021» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының ашылу салтанаты өткізілді.

Велосипед жарысының ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мухамедчинов Азамат Маратұлы, олимпиада ойындарының чемпионы Рыпакова Ольга Сергеевна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының өкілі Мухамадиева Мира Бекказыевна, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Уалханов Досжан Нурбаевич, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангуль Ахметкаримовна қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мухамедчинов Азамат Маратұлы өзінің құттықтау сөзінде Шығыс Қазақстан жері географиялық жағынан велосипед спорты бойынша жарыстарды өткізуге өте қолайлы екенін атап өтті, сондай-ақ барлық қатысушыларға кезеңдерден сәтті өтуді тіледі.

Республикалық велосипед жарысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысуда.

XХХХХІ «Қазақстан оқушысы-2021» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы 2021 жылғы 13-19 тамыз аралығында өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен әдемі жеңістер тілейміз!