+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумынан жалпыкомандалық 1 орын
15 Мау, 20:59

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 9-10 маусымы аралығында қашықтықтан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық, аудандық және мектепішілік форумдарының жеңімпаздары - мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің 10 оқушысы қатысты.

Форум қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.

Номинациялар бойынша жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді:

Амирсоветова Дильназ – «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша 1 орын, Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің 8 сынып оқушысы;

Оразов Мерей – «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша 2 орын, Семей қаласы, «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы;

Оразғалиева Арайлым – «Жасыл экономика» номинациясы бойынша 2 орын, Аягөз ауданы, «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы;

Бекенов Таир – «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша 2 орын, Жарма ауданы, «П. Г. Карелин атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы;

Амангалиева Жанеля – «Жеңіс мамыры» номинациясы бойынша 3 орын, Шемонаиха ауданы, «Өнер мектебі» КМҚК-ның 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!