І. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже республикалық «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасын жүзеге асыру аясында әзірленді және6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.2. Конкурс Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылады.
1.3. Конкурстың мақсаты – оқу және оқу белсенділігінің мәртебесін арттыру және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
- жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын көңілді, мәнді ұйымдастыру;
- жеке жұмысты жандандыру арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру;
- балалардың өз бетінше әдеби шығармашылық процесіне тарту арқылы олардың әдеби және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІІ. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Қатысушыларға қазіргі заманғы балалар және классикалық әдебиеттер тізімі ұсынылады (1-қосымша).
Конкурс үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – маусым-шілде; іріктеу(барлық тілек білдірушілер 6-8 сынып).
Екінші кезең – аудандық/қалалық онлайн іріктеу (тамыз айының бірінші онкүндігі, 2021 жыл).
Үшінші кезең – облыстық (тамыз 2021 жыл, Өскемен қ.).
2.1. Облыстық кезең екі турда өткізіледі: І тур-тест, ІІ тур-эссе.
Облыстық кезеңге қатысушылар шығармалардың мазмұны бойынша онлайн-тестілеуден өтеді.
Тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған оқушылар Конкурс тақырыбы бойынша эссе жазу-ІІ турға өтеді. ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Аудандық (қалалық) кезеңді өткізу туралы есеп (3-қосымша) және Конкурсқа қатысуға (2-қосымша) 2021 жылдың 10 тамызына дейін білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылып, бекітілген өтінім е-mail арқылы жолданады: vk_daryn@mail.ru.
Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын қатысушылардың сандық құрамы 15 адам: (6 сынып – 5 қатысушы; 7 сынып – 5 қатысушы; 8 сынып – 5 қатысушы).
ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
3.1. Конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
-Конкурстың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
IV. Конкурс қатысушылары
4.1. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 6-8 сынып оқушылары қатыса алады.
4.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
V. Конкурсты өткізу шарттары мен уақыты
5.1 Конкурс 2021 жылдың маусымынан тамыз айына дейін өтеді.
VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
6.1., Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурс қорытындысы www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланады.
Қосымша 1
Әдебиеттер тізімі:
1. Бауыржан Момышұлы «Біздің семья»
2. Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ»
3. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
4. Джоан Роулинг «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»
5. Марк Твен «Том Сойердің басынан кешкендері»
6. Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай шахзада».
Қазақ тілінде 6-8 сынып оқушыларына арналаған жаз кезінде оқуға ұсынылатын кітаптар
1. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»- https://kitap.kz/book/1165/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)
2. Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ»- https://paidaly-kitaptar.com/uploads/s/d/3/b/d3byplnybylw/file/GfIglSIz.pdf?preview=1
3. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»- https://kitap.kz/book/1764/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)
4. Джоан Роулинг «Гарри Поттер туралы кітаптар сериясы»-
Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны- https://kitap.kz/book/6467/read
Хәрри Поттер мен жасырын бөлме- https://kitap.kz/book/6412/read
Гарри Поттер және философиялық тас- https://yvision.kz/post/692593
5. Марк Твен «Том Сойердің басынан кешкендері»- https://kitap.kz/book/1721/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)
6. Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада» - https://bilim-all.kz/article/12030
Қосымша 2
6-8 сынып оқушылары арасында
«Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсына қатысуға өтінім
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аудан/ қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқыту тілі |
Әлеуметтік статусы |
Ұялы телефонының нөмері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білім беру бөлімі басшысы/
Облыстық мамандандырылған мектеп директорлары__________________________
(Аты-жөні, қолы)
Қосымша 3
6-8 сынып оқушылары арасында
«Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының аудандық/қалалық кезеңіне іріктеу өткізу қорытындысы
|
№ |
Аудан/қала атауы |
І кезең, мектепішілік |
ІІ кезең, аудандық/қалалық |
||||
|
Мектеп саны |
Қатысушы саны |
Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың жалпы саны |
Мектеп саны |
Қатысушы саны |
Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың жалпы саны |
||
|
Барлық аудан/қала бойынша: |
|
|
|
|
|
||
Білім беру бөлімі басшысы/
Облыстық мамандандырылған мектеп директорлары__________________________
(Аты-жөні, қолы)