+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жаздың бірінші күні - балалық шақ мерекесі»
02 Мау, 09:50

Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қазақстанда да жаздың бірінші күні Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде атап өтіледі.

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылы 1-24 мамыр аралығында «7 Керемет» облыстық қашықтықтан шығармашылық байқауын өткізді.

Барлық тілек білдірушілер үшін облыстың қалалары мен аудандарынан 5 пен 17 жас аралығындағы балалар мына номинациялар бойынша өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды:

1.     «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы суреттер байқауы;

2.     «Міне, қандай біздің жаз!» тақырыбындағы авторлық өлеңдер байқауы;

3.     «Жайдарлы жаз» аппликация байқауы;

4.     «Табиғатты бірге сақтайық!» фото-байқауы;

5.     «Қауіпсіз жаз» презентация байқауы;

6. Халықтық және дәстүрлі әндердің жас солистер орындаушыларының «Бақытты балалық шақ» байқауы;

7.     «Білімге апаратын жол» квест байқауы.

Байқауға барлығы 550 өтінім келіп түсті. Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 259 қатысушы болды:  Гран-при -

1. Жумагалиева Айкүн - Риддер қаласы, «Балалар шығармашылық үйі»;

2. Төлеубек Ерасыл – Өскемен қаласы, Абай атындағы №33 орта мектебі;

3. Бейбітқызы Гүлім – Күршім ауданы, «Шығармашылық үйі»;

4. Ғылымбекова Аянұр – Өскемен қаласы, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебі;

5. Серикбек Орынгуль – Семей қаласы, «№5 арнайы мектеп-интернаты»;

6. Тұрсынова Марал -  Аягөз ауданы, №5 жалпы орта білім беретін орта мектебі;

7. Серікхан Нұрайлым – Жарма ауданы, Жаңғызтөбе орта мектебі.

I орын - 53, II орын - 84, III орын - 115.

Бас жүлде иеленген оқушылар бағалы сыйлықтармен (браслет XiaomiMiBand), жүлдегерлер-I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, барлық жеңімпаздарға  "Дарын" лагеріне 2021 жылдың жазғы маусымына жолдама сатып алуға 7% жеңілдік беріледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ата-аналарын құттықтаймыз!

Барлық балаларға байқауғабелсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!