Халықаралық балаларды қорғау күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарымен кездесті.
Біздің облысымыздың оқушылары үшін бұл оқу жылы жемісті болды. Шығыстың жас дарындары халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадаларда 146 медаль, спорттық жарыстарда 17 алтын, 16 күміс және 20 қола медаль иеленіп, шығармашылықта 97 жас ақын, ақын, музыкант, суретші, биші және әншілер беделді конкурстардың лауреаттары атанды.
Кездесу еркін әңгімелесу түрінде өтті. Кездесудің модераторы – Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің түлегі, қазақ тілінен республикалық пән олимпиадасының бірнеше мәрте жеңімпазы, республикалық «Абай оқулары» конкурсының жеңімпазы, облыс әкімінің 2016 жылғы дарынды балалармен кездесуіне қатысушы, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хат иегері Дураченко Галина.
Кездесу барысында Даниал Кенжетайұлы оқушыларды мерекемен құттықтап, оқуда табыс тіледі. Балалар облыс әкіміне өздерінің қызығушылықтары мен жетістіктері туралы айтып берді.
Жас суретші Ғазиза Танабек өңір басшысына халықаралық шығармашылық конкурсында гран-при иеленген өзінің картинасын сыйға тартты. Сондай-ақ, жарыстарға даярлығы туралы өзінің пікірімен республикалық Ұлттық Мектеп лигасында жеңімпаз болған ең жас волейбол командасының капитаны Жігер Мамышев бөлісті. Ол Даниал Кенжетайұлынан келешекте жарыстарда жеңіс пен сәттілік әкелетін команданың бойтұмары ретінде волейбол добына қолтаңбасын қойып беруді сұрады.
Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы, информатика пәні бойынша ҚР олимпиадалық резерв мүшесі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы – Мұхаметкәрім Қаныш «Жылдың үздік оқушысы» номинациясы бойынша дипломмен, кубокпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Шараға қатысушы барлық дарынды оқушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде дарынды оқушыларға облыс қалалары мен аудандарының әкімдері өңір басшысының атынан грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.




