+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
28 Мамыр, 10:31

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театр ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаз болған 31 театр ұжымы қатысты.

Фестиваль келесі 4 номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!