+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
26 Мамыр, 10:55

Республиканың барлық аймағында 2021 жылғы 19 мамырда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 24 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.

Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, география, химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 12 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын –4 оқушы, ІІ орын –3 оқушы, ІІІ орын –5 оқушы).

Республиканың өңірлер рейтингісінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші орынды иеленді.

 

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғарыжетістіктер мен табыстартілейміз!