+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының қорытынды кезеңі
21 Мамыр, 12:37

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н. Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді.

Олимпиада ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Олимпиада 24 ақпанда басталып, бірнеше кезеңнен өтті. Облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары – 13 000-нан астам оқушы Елбасы Академиясының онлайн-платформасында тіркеуден өтті.

І кезеңнің қорытыныдысы бойынша 484 қатысушы Олимпиаданың ІІ кезеңіне сәтті өтті. Қорытынды кезең Өскемен, Семей, Аягөз қалаларындағы және Үлкен Нарын, Ақсуат ауылдарындағы U-Study тестілеу орталықтарының базасында бетперделік режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың күшейтілген шараларын сақтай отырып өткізілді.

Олимпиада математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерінен академиялық қабілеттерді анықтауға бағытталған компьютерлік тестілеу форматында өтті.

Олимпиада аяқталғаннан кейін ІІ кезеңнің қатысушылары шығармашылық және интеллектуалды дамуы үшін Елбасы Академиясының Birgeoqý Онлайн мектебінде қатыса алады.

Олимпиаданың нәтижелері Елбасы Академиясының сайтында жарияланады.