2012 жылы 15 - 20 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасының оқушылары Павлодар облысының Баянаул ауылында өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып қайтты.
Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылым саласындағы білімдерін жалғастыруға бағыттау және негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілді.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан команда құрамында 4 оқушыдан (дарынды балаларға арналған облыстық мамандандарылған мектептер).
1. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы ДБА үш тілде білім беретін облыстық мамандандырылған мектептің 8-сынып оқушысы Орынтаева Ақбота (физика);
2. Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушысы Қадырбеков Акан (математика);
3. Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Оттенс Григорий (химия);
4. Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Белдеубаев Алишер (биология).
Олимпиаданың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлдегер атанды:
І дәрежелі дипломмен - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Оттенс Григорий ие болды;
ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушысы Қадырбеков Акан.
Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Олимпиадаға қатысушылар үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға және Баянаул ұлттық паркіне саяхат ұйымдастырылды.