+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020-2021 оқу жылы бойынша республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен онлайн-кездесуінің қорытындысы
20 Мамыр, 09:29

2021 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жүлдегерлері мен жеңімпаздарымен онлайн-кездесуі өтті.

Онлайн-кездесуде А. Аймағамбетов барлық жүлдегерлерді Олимпиадада табысты нәтижелер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу аясында Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау бір мезгілде барлық облыстарда  өтті. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында өткен бұл кездесуге біздің облыстың 19 оқушысы - алтын, күміс және қола медаль иелері шақырылды:

Алтын медаль иегері Мұхаметкәрім Қаныш-     Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика) марапатталды.

Күміс медаль иегерлері:

1.     Оралханов Дінмұхаммед - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);

2.     Мамырбеков Бекболат - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);

3.     Төреханұлы Нұртөре - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (биология).

Қола медаль иегерлері:

1. Толеуов Алимжан - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);

2. Газизбеков Арсен - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (химия);

3. Турарбеков Ернат - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);

4. Шипинский Станислав - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (биология);

5. Аманжол Әлинұр - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (биология);

6. Белова Вероника - Алтай ауданы, Зубов орта мектебінің 10 сынып оқушысы (биология);

7. Мусабек Ердаулет - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);

8. Төкен Нұрболат - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);

9. Сейлькумаров Мади - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (география);

10. Нұрғалиева Ділназ - Жарма ауданы, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (физика);

11. Кәріпбай Аружан - Абай ауданы, Шәкәрім атындағы орта мектептің 10  сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

12. Акрам Мирас - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

13. Юркина Анастасия - Өскемен қаласының №12 мектеп-гимназиясының 10  сынып оқушысы (неміс тілі);

14. Жанат Шарапат – Зайсан ауданы, Мукарама атындағы орта мектептің 10  сынып оқушысы (өзін-өзі тану);

15. Тоқанова Динара - Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы (өзін-өзі тану).

Кездесу барысында балалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министріне өздерін қызықтырған сауалдарын қойып және оларға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.