2021 жылы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Таңдау сен үшін» экологиялық облыстық көркемсурет пленэр-конкурсын қашықтықтан өткізді.
Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақтың экологиялық санасын нығайту.
Пленэр-конкурсқа қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Пленэр-конкурс екі жас ерекшеліктері бойынша (10-12; 13-16 жас), екі номинацияда өткізілді:
- кескіндеме (гуашь, акварель, акрил және т. б.);
- графика (қарындаш, қалам, көмір және т.б.).
Әрбір қатысушы пленэр жағдайында орындалған жұмыстарды ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңмпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар табысталды.
https://drive.google.com/drive/folders/1u2kpq60l7ht3-m35uujLMWrmGfmAuClI?usp=sharing
Конкурс қорытындысын www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Пленэр-конкурстың қатысушыларына болашақта шығармашылық табыстар тілейміз!






