+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
XXII Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
17 Мамыр, 15:56

2021 жылдың 13-14 мамырында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXII Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың» Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.

Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»– Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;

- «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;

- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»- Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;

- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім ән - күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;

- «Ұлылар әлемі»- эссе жазу байқауы.

Оқуларға Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларынан 107 қатысушы қатысты.

Астана, Семей, Өскемен қалаларының жетекші жоғары оқу орындарынан құралған белгілі ғалымдар бар XXII Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің қазылар алқасы ерекше дарынды балаларды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша 41 оқушы жүлдегер атанды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар табысталды. Жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар берілді.

https://drive.google.com/drive/folders/1MofWu5z7SAMbLVaYcRhSQD_YvU4pk45m?usp=sharing

Облыстық кезеңнен 1 орынды иеленген жеңімпаздар XXII Республикалық Абай оқуларында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

 

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және барлық

қатысушыларға жаңа табыстар тілейміз!