2021 жылдың 3 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысының оқушылары XV Халықаралық «Математика және жобалау» олимпиадасына қатысты.
Мақсаты - оқушылардың математикаға, зерттеу және жобалық жұмысына қызығушылығын дамыту.
Конкурсқа Ресей Федерациясы, Қазақстан және Болгария зияткерлері қатысты.
Ғылыми жобаларды қорғау 11 номинация бойынша онлайн режимде өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Семей қаласы №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ергалиева Амира ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
Байқау жеңімпазын құттықтаймыз!
Әрі қарай жетістіктер мен жеңістер тілейміз!