+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
13 Мамыр, 17:21

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы университетімен бірлесе отырып, онлайн режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен 8-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 200 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:

1 кезең – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу түрінде онлайн режимінде Олимпиада.

2 тур - келесі тақырыптар бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» презентациясын қорғау:

1.«30 жыл – бейбітшілік пен жасампаздық кезеңі».

2.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – қазақстандық қоғам дамуының жаңа белесі».

3.«Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет».

4.«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы». 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 55 оқушы жүлделі орындарға ие болды (гран-при - 1, І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар - 7, ІІ дәрежелі – 18, ІІІ дәрежелі - 29).

Гран-при иегері - Аягөз ауданы Қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Оразғалиева Еркежанға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты тағайындалды. 

 

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын

жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Болашақта тағыда жеңістер тілейміз!