Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 8-11 сынып оқушылары үшін «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
Олимпиада 3 кезеңде өтеді: мектепшілік, аудандық/қалалық және облыстық.
Олимпиада екі айналымда өтеді:
1 кезең – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу түрінде онлайн режимінде Олимпиада.
2 тур - келесі тақырыптар бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» презентациясын қорғау:
1. «30 жыл – бейбітшілік пен жасампаздық кезеңі».
2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – қазақстандық қоғам дамуының жаңа белесі».
3. «Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет».
4. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы».
Олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың 200-ден астам оқушысы қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. 6В01601 - «Тарих» немесе 6В02202 «Тарих және цифрлық гуманитаристика» БбБ бойынша 4 оқу жылына Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ гранты екі кезең бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушыға беріледі: олимпиада және «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» байқауы. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ грантына ҰБТ бойынша «Дүниежүзілік тарих» пен «География» пәндерін таңдаған 11 сынып оқушылары үміткер бола алады.
Олимпиаданың жабылу рәсімі және жеңімпаздарды марапаттау онлайн режимде 13 мамыр күні сағат 11.00-де өтеді.
Оқиғаларды жариялауға қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» олимпиадасының жабылу салтанатына шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8/7232/70-02-44 телефонына хабарласуға болады.
