2021 жылы 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауы облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Көрме-байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Көрме-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 283 жеңімпазы қатысты.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше.
Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Облыстық кезеңнің ең жоғары балл жинаған жеңімпаздары көрме-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысын таныстырады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!




