2021 жылдың 6 мамырында онлайн режимде «Смарт Сарбаз – 2021» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионаты өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
Ол үшін www.shygysdaryn.kz сайтында «Смарт Сарбаз – 2021» компьютерлік таланттардың қашықтықтан облыстық чемпионаты атауын таңдау керек. Пайда болған терезедегі «Тіркелуде» мәліметтерді енгізіп, «Тіркелу» сөзін басу қажет.
Әрі қарай пайда болған терезеде тест тапсырмаларын орындаңыз.
Тестілеуден өту уақыты 60 минутты құрайды.
Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң «Аяқтау» сөзін басу керек.
Ескерту! Тестілеуді қайта тапсыру сіздің нәтижеңізді толығымен жояды.