2021 жылдың 30 сәуірінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада өткізілді, оған қалалық/аудандық кезеңнің жеңімпаздары атанған 300-ден астам оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.
Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология, химия, информатика,географияпәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша 152 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 23 оқушы, ІІ орын –31 оқушы, ІІІ орын – 98 оқушы).
Ең жоғары балл жинаған оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!