+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыс оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысу қорытындысы
04 Мамыр, 14:47

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2021 жылдың 25-30 сәуірі аралығында өткен республикалық олимпиадада алтын, күміс және қола медальдарға ие болды.

Республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңіне жалпы білім беретін 16 пән бойынша 9-11 сынып оқушылары, облысымыздың 80 оқушысы-облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада Өскемен және Семей қалаларында «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтті.

Неғұрлым айқындықты қамтамасыз ету үшін Олимпиада өткен орындарда бақылаушы ретінде «Adaldyq alany» республикалық жоба кеңсесінің өңірлік филиал өкілдері қатысты.

Оқушылардың олимпиадаға қатысу қорытындысы бойынша біздің облысымыздың қоржыны 19 медальмен толықтырылды: 1 - алтын, 3 - күміс және   15 - қола медаль.  

I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Мұхаметкәрім Қаныш - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика) марапатталды.

Химия, биология және информатика пәндері бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы "Білім-Инновация" лицейінің оқушылары: Оралханов Дінмұхаммед, Мамырбеков Бекболат, Төреханұлы Нұртөре  күміс медальдарға ие болды.

Қола медальдарды Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған      "Білім-Инновация" лицейінің оқушылары химия, биология, информатика, география пәндері бойынша; Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицейінің оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, химия пәндері бойынша; Алтай ауданы Зубовка ОМ биология пәні бойынша; Жарма ауданының Ақтайлақ би атындағы орта мектебі физика пәні бойынша; Абай ауданы, Шәкәрім атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша; Өскемен қаласының №12 мектеп – гимназиясы неміс тілі бойынша; Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі биология пәні бойынша; Зайсан ауданының Мукарама атындағы орта мектебі және Күршім ауданының №3 Күршім гимназиясы өзін-өзі тану пәні бойынша марапатталды.

 

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!