+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
29 Сәу, 09:55

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Н. Назарбаевтың "Ел Үміті" бастамасын іске асыру шеңберінде және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жоспарына сәйкес 2021 жылдың 5 мамырында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңін (іштей) (бұдан әрі – Олимпиады) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

2021 жылы Олимпиада 24 ақпанда басталып, бірнеше кезеңнен өтті. Барлық қатысушылар онлайн-платформада тіркелді. ШҚО-дан тіркелген қатысушылар саны - ауылдық жерлердегі мектептердің 5-6 сыныптарының 13 319 оқушысын құрады. Олимпиаданың бірінші кезеңі (күндізгі) кезінде тіркелген оқушылар компьютерлік тестілеуден өтті.

І кезеңнен өткендер үшін облыстың 484 оқушысына ІІ кезең 2021 жылғы 5 мамырда бірыңғай уақытта (сағат 10.30-дан 13.00-ге дейін) U-Study тестілеу орталықтарының базасында бетперделік режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың күшейтілген шараларын сақтай отырып өтеді:

  • Өскемен қ. (ҚАЕУ) – Н.Назарбаев д-лы, 86/2;
  • Семей қ. (Шәкәрім ат. университеті) – Тәңірберген к-сі, 1;
  • Аягөз қ. – Қабанбай батыр к-сі, 5/1 құрылыс;
  • Үлкен Нарын а.– Шулятиков к-сі, 64;
  • Ақсуат а. – Мұқанов к-сі, 20.

Олимпиада компьютерлік тестілеу форматында өтеді және келесі пәндер бойынша академиялық қабілеттерді анықтауға бағытталады: математикалық сауаттылық; қазақ тілі; Орыс тілі; ағылшын тілі; Жаратылыстану.

Олимпиаданың ІІ кезеңінің барлық қатысушылары шығармашылық және зияткерлік дамуы үшін Елбасы академиясының Birge oqý Онлайн мектебіне тегін қол жеткізе алады. Сонымен қатар, олимпиаданың барлық қатысушыларына Cертификаттар беріледі.

Олимпиада жеңімпаздары облыстық және республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік алады.

«Ел Үміті» бастамасын іске асыру бойынша оқиғаларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО мекен-жайы бойынша және 8(7232)700-244 телефонына хабарласуға болады.