1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» орталығы), «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ (бұдан әрі - Сәрсен Аманжолов ат. ШҚУ) болып табылады.
3. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту;
- Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің мазмұнын түсіндіру,
- оқушылардың өлкетануды оқып үйрену саласындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін белсендіру;
- оқушылардың санасына бірігу маркерлері мен қазақстандық сәйкестендіру
- жалпыұлттық қасиеттеріміз арқылы Қазақстан халқының идеяларын нығайту;
- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, білімге табыну, дамудың эволюциялығы және сананың ашықтығы ұстанымдарына қалыптасқан азаматтықты және патриоттықты тәрбиелеу;
- әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі -Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-мен таныстыру.
Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;
- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;
- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;
- Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Олимпиада қатысушылары
Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиада үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу.
Екінші кезең– аудандық/қалалық онлайн іріктеу (сәуір айының үшінші онкүндігі, 2021 жыл).
Үшінші кезең – облыстық (11-12 мамыр, 2021 жыл, Өскемен қ.).
Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2021 жылдың 4 мамырына дейін «Дарын» орталығына келесі е-mail-ға жолданады: vk_daryn@mail.ru.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
1. мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (2-қосымша);
2. аудандық/қалалық онлайн кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (3-қосымша);
Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 9адам: (8 сынып – 2қатысушы; 9 сынып – 2 қатысушы; 10 сынып – 2 қатысушы; 11 сынып – 3 қатысушы).
5. Олимпиаданы өткізу шарттары
Олимпиада екі айналымда өтеді:
1) 1 айналым – Олимпиада – жеке қатысу.
Олимпиада тест түрінде өтеді. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс (тапсырмалардың 30%-ы өңірлік компоненттен білімді тексеруге бағытталған).
Қатысушылардың Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің https://www.vkgu.kz/ сайтындағы (онлайн тестілеу) ресурсында тестілеуден өту уақыты - 11 мамыр (сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін). Тестілеу платформасында прокторинг жүйесімен бақылау жүргізіледі.
Регламент: 75 минут.
Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 60 ұпай (60 сұрақ).
2) 2 айналым – «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер» (төменде берілген тақырыптардың 1-еуі бойынша таныстырылым (презентация) жасау)- жеке қатысу.
Оқушылар осы тақырыптар бойынша таныстырылымының электронды нұсқасын (Power Point) 2021 жылдың 10 мамырына дейін ұйымдастырушылардың электронды адресіне (kuralaikura@mail.ru; Қ.Р.Жириндинова) жіберулері тиіс. Таныстырылымның көлемі - 10 беттен аспауы қажет. Таныстырылымды қорғау 2021 жылдың 12 мамыры күні сағат 10.00-де болады.
Үздік таныстырылымдар ШҚО білім басқармасының, «Дарын» орталығының, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Таныстырылым тақырыптары:
1. «30 жыл – бейбітшілік пен жасампаздық кезеңі».
2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – қазақстандық қоғам дамуының жаңа белесі».
3. «Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет».
4. «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы».
Таныстырылымға қойылатын талаптар:
- тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының тереңдігі - 10 ұпай;
- таныстырылымның жаңашылдығы және дербестік деңгейі – 10 ұпай;
- таныстырылымныңқұрылымы мен әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануы – 10 ұпай;
- эстетикалық талапқа сай безендірілуі - 10 ұпай.
Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 40 ұпай.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталады.
6В01601 - «Тарих» немесе 6В02202 «Тарих және цифрлық гуманитаристика» БбБ бойынша 4 оқу жылына Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ гранты екі кезең бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушыға беріледі: олимпиада және «Қазақстан Тәуелсіздігінің жылнамасы: негізгі жетістіктер»байқауы. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ грантына ҰБТ бойынша «Дүниежүзілік тарих» пен «География» пәндерін таңдаған 11 сынып оқушылары үміткер бола алады. 6В01601 - «Тарих» (педагогикалық бағыт) БбБ-на түсу үшін ҰБТ бойынша жалпы балы 75 балдан төмен емес болу керек. 6В02202 «Тарих және цифрлық гуманитаристика» БбБ-на түсу үшін ҰБТ бойынша жалпы балы 50 балдан төмен емес болу керек.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері,«Nur Otan»партиясының ШҚОФ өкілдері кіреді.
7. Қаржыландыру
Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
1-қосымша
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасына қатысуға тапсырыс
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Аудан/ қала |
Білім беру ұйымы |
Сыныбы |
Оқу тілі |
11 сынып оқушысы үшін ҰБТ-ға таңдаған беймделу пәндері |
Әлеуметтік статусы |
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептің директоры __________________________
(ТАӘ, қолы)
2-қосымша
______ сәуір, 2020жылы_____________________ ауданында/қаласында,
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
Байланыс телефоны
|
|
|
|
|
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептің директоры __________________________
(ТАӘ, қолы)
3-қосымша
_____ сәуір, 2020жылы ____________________ ауданында/қаласында,
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының аудандық/қалалық онлайн іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы
|
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны |
|
|
|
Білім беру бөлімінің басшысы /
облыстық мамандандырылған мектептің директоры __________________________
(ТАӘ, қолы)