+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру жөніндегі республикалық семинар-кеңестің қорытындысы
25 Мамыр, 10:42

2012 жылдың 15-18 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру жөніндегі республикалық семинар-кеңес өткізілді.cut

Семинар-кеңес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Республикалық семинарға әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, бірлестік жетекшілері, қазақ және орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинарға келген қатысушылар мен қонақтар 16 мамыр күні сағ. 9.00-де пленарлық отырыс басталар алдында Республикалық алаңдағы Абай ескерткішінің басына гүл қойды.

Пленарлық отырыс С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің 5 корпусында өтті. Аталған корпустың фойесінде Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілді тереңдетіп оқытатын мектептердің көрмелері ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Б.Көшербаев қатысушыларға құттықтау сөз айтты. Сонымен қатар пленарлық отырыстың қатысушыларының алдында келесі ғалымдар баяндама жасады:

- Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілі әдістемесі қафедрасының профессоры - Сағымбай Боттайұлы Жұмағұлов;

- Алматы қаласы Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогикалық ғылымдарының докторы - Нағима Абзелбековна Ілиясова;

- Павлодар қаласы Білім беру жүйесінң басты және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық иститутының тілдерді дамыту және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы - Қарлығаш Айпбаевна Жүнісханова;

- ф.ғ.д., С.Аманжолов ат. ШҚМУ-ң қауымдастырылған профессоры - Құрманбаева Шынар Қапантайқызы;

- п.ғ.д., С.Аманжолов ат. ШҚМУ-ң қауымдастырылған профессоры – Қартаева Айжан Мұратбекқызы;

- Астана қаласыының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Кульсум Мухамеджановна Барманбекова.

Бағдарламаға сәйкес семинар-кеңестің қатысушылары Жамбыл атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатқа барып, әртүрлі ауылдардың киіз үйлерін тамашалады. Киіз үйлерде қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Сонымен бірге, семинар қатысушылары академик, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі – Қанипа Омарғалиқы Бітібаеваның ғылыми зертханасында өткен үш ашық сабаққа қатысты.

Дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми зерттеп дамыта оқыту орталығында, «Нұрорда» халықаралық мектебінде, №3 көпсалалы мектеп-гимназияда,     М. Әуезов атындағы №17 орта мектепте ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

2012 жылдың 17 мамырында Алтай ғылыми-технологиялық паркінде семинар-кеңестің пленарлық және секциялық бөлімдеріндегі пікір алысулар мен талқылауларды қорытындылау мақсатында дөңгелек  үстел  отырысы  ұйымдастырылды.

Семинар-кеңестің қатысушылары жақсы пікірлер айтып, жинақталған тәжірибелер бойынша жемісті еңбекті жалғастыруды ұсынды.