+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының Мектеп спорты көшбасшыларының І съезіне қатысу туралы ақпарат
27 Сәу, 08:37

2021 жылғы 24 сәуірде мектеп спорты көшбасшыларының беделін арттыру, дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, спорттың даму тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында бейнеконференция режимінде Қазақстанның Мектеп спорты көшбасшыларының І съезі өтті. Съезд жұмысына білім беру субъектілерінен 50-ден астам делегат, сондай-ақ педагогикалық ұжымдардың өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан съездге қатысты:

Дуйсенова Аяулым - тоғызқұмалақтан Республикалық ұлттық мектеп лигасында ІІ орын (2020 жыл), Павлодар қаласында өткен «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін өткен республикалық турнирінде ІІІ орын (2019 жыл), Шығыс Қазақстан облысының ұлттық мектеп лигасы І орын (2020 жыл), Шығыс Қазақстан облысының ұлттық мектеп лигасы І орын иеленді (2021 жыл).

Маратова Маржан - Тарбағатай ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушысы, бес асықтан бірнеше дүркін республикалық жарыстар мен турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері (2017-2021 жыл), Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін «Сәулетай» балалар – спорт ойыны І орын (2019 жыл), бес асықтан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мектеп лигасы І орын (2020 жыл), Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының кубогы І орын (2019 жыл), бес асық бойынша Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық мектеп лигасы (2021 жыл).

Съезд жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушылар атаулы дипломдармен марапатталды.

 

Біздің делегаттарды съездегі тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!