+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат
26 Сәу, 15:54

26 сәуірде 16 жалпы білім беретін пән бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды IV кезеңі басталды. 2021 жылы республикалық олимпиада «Ustudy» тестілеу орталықтарының базасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Өскемен, Семей қалаларында өткізіледі. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі.

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының 80 оқушысы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысуда.

Неғұрлым айқындықты қамтамасыз ету үшін Олимпиада өтетін орындарда бақылаушы ретінде «Adaldyq alany» республикалық жоба кеңсесінің өңірлік филиал өкілдері қатысуда.

Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!