+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің АНОНСЫ
26 Сәу, 15:37

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылы 29 сәуірде техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізеді.

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарысқа аудандық, қалалық жарыс кезеңдерінің жеңімпаздары - жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері: 11 - 17 жас (18 жасқа дейін).

Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

        1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері

        2. Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу

        3. Әуе модельдері

        4. Кеме модельдері

        5. Зымыран модельдері.

Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Байқау қорытындысы сайтта жарияланады www.shygysdaryn.kz.

Қосымша ақпарат мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: vk_daryn@mail.ru.