+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Ұлан - 2021» облыстық әскери-спорттық ойынының қорытындысы
24 Сәу, 19:49

2021 жылғы 21-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Ұлан – 2021» облыстық әскери-спорттық ойыны онлайн форматта өтті.

Облыстық ойынның мақсаты – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту.

Жарысқа 19 команда қатысты, қалалары мен аудандарының іріктеу турларының жеңімпаз командалары, колледждер мен облыстық мектептердің әскери-патриоттық спорт клубтарының командалары қатысты, барлығы 133 адам қамтылды.

Командалық сынаққа жарыстардың келесі түрлері кірді:

- белтемірге тартылу;

- толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

- газтұтқыш кию бойынша нормативті орындау;

- әскери қорғаныс жинағын кию бойынша нормативті орындау;

- арқада жатып денені көтеру;

- берпи.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

- 1 орын – «Жас Қыран» командасы, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, Семей қаласы;

- 2 орын – «Ауыл арландары» командасы, «Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Семей қаласы;

- 3 орын – «Барыс» командасы, «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені» КММ, Семей қаласы.

І, ІІ және ІІІ орын алған командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификат алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!