1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – олимпиада) өткізілу тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
1.2. Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейлердегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиадаларға қатысушы оқушылар резервін құру.
1.3. Олимпиаданың міндеттері:
- жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;
- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық жұмысқа қызығушылықты анықтау мен дамыту;
- дарынды балаларды қолдауға жағдайлар жасау, оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия, информатика, география.
2.2. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
2.3. Олимпиада бірнеше кезеңдер бойынша өтеді:
1) аудандық (қалалық) кезең – 2021 жылдың 26 сәуіріне дейін;
2) облыстық кезең – 2021 жылдың 30 сәуірі;
3).республикалық кезең – 2021 жылдың 19 мамырында.
2.4. Олимпиада пәндер бойынша бір кезеңде өтеді.
2.5. Олимпиадаға қабылдау білім беру ұйымының басшысының қолы және мөрімен расталған аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдарының жіберілген өтінімі бойынша (2 қосымша) жүзеге асырылады.
3. Олимпиада қатысушыларының құрамы
3.1 Олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларынан құралған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің аудандық/қалалық кезеңінің жүлдегерлері қатысады.
3.2. Олимпиадаға әр ауданнан, қаладан және облыстық мамандандырылған мектептерден бекітілген квотаға сай құрамында 12 оқушы қатысады (қосымша 1).
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. Конкурс тестілеу түрінде математика, физика, биология, химия, информатика, география пәндерінен Eхam.net платформасында өткізіледі.
4.2. Әр қатысушы өзі таңдап алған бір пән бойынша тапсырманы орындайды.
5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау
5.1. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
6. Қаржыландыру
6.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.

