+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Ұлан» облыстық әскери - спорттық ойынын онлайн – форматта өткізу БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21 Сәу, 10:15

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 21-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жас Ұлан облыстық әскери - спорттық ойынын  онлайн – форматта  өткізеді.

Облыстық финалдің мақсаты - қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұнының сапасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту. 

Жарыстың әр кезеңі бойынша тапсырмасының орындалуы нақты уақыт бойынша Coogle қосымшасында Coogle Meet режимінде қаралады.

Облыстық финалында денсаулығы бойынша жарамды ШҚО қалалары мен аудандардың іріктеу турларының жеңімпаз командалары мен колледждармен облыс мектептерінің әскери-патриоттық командалары қатысады.

Облыстық финалы бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

1) белтемірге тартылу;

2) толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

3) газтұтқыш кию бойынша нормативті орындау;

4) әскери қорғаныс жинағын кию бойынша нормативті орындау;

5) арқада жатып денені көтеру;

6) Берпи. 

Облыстық финалдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық финалдің қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі. Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz. сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы немесе
8 (7232)70-15-16 телефоны бойынша хабарласуға болады.