2021 жылғы 14-20 сәуір аралығында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт ізбасарларын қалыптастыру үшін талантты ойыншыларды іздеу мақсатында Талдықорған қаласында Республикалық Ұлттық мектеп лигасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті.
Республикалық Ұлттық мектеп лигасына еліміздің 12 өңірінен: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарынан оқушылар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын Ұлттық мектеп лигасы облыстық кезеңінің жеңімпаздары Көкпекті ауданы, «Казнаковка орта мектебі» КММ командасы қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары алтын медальға ие болып, І орынға ие болды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!
