+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында баскетболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
19 Сәу, 09:22

2021 жылғы 12-15 сәуір аралығында Өскемен қаласының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында 7-8 сынып қыздар мен ұлдар арасында баскетболдан Шығыс Қазақстан облысының ұлттық мектеп лигасының жарысы өтті.

Мақсаты-ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.

Облыстық жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінен Өскемен, Алтай қалаларының, Бесқарағай, Зайсан, Ұлан аудандарының  оқушылары қатысты.

Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша номинациялар бойынша үздік деп танылды:

- Үздікойыншы– Өскемен қаласы, «Мухамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ-нің 7 сынып оқушысы Бондарь Мария; Өскемен қаласы, «М. Ауезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Кононов Сергей.

- Ең үздік нәтижелі ойыншы – Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Байгузина Рафиза; Зайсан ауданы, «Қазақстан орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Еркінұлы Аслан.

- Үздік қорғаушы -Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Холмуродұлы Камаладин; Ұлан ауданы, «Т. Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы» КММ-нің 8 сынып оқушысы Қасымова Жансая.

Жүлделі орындарды иеленді:

Ұлдар арасында:

І орын – Өскемен қ, «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Зайсан ауданы, «Қазақстан орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ.

Қыздар арасында:

І орын - Өскемен қаласы, «Мухамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ орын - Ұлан ауданы, «Т. Тохтаров атындағы мектеп-балабақшасы» КММ.

Барлық қатысушыларды жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз!Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!