ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 5-16 сәуір аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ұлдар менқыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасының жарыстары өтті.
Мақсаты-ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қуатын, адамгершілігін, патриотизмін тәрбиелеу.
Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары - 5-11 сынып ұлдарының (5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып) командасы және 9-11 сынып қыздарының командасы қатысты.
Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Номинациялар бойынша үздік ойыншылар:
- Үздік ойыншы – Катонқарағай ауданы, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушысы Өмірбекұлы Диас; Тарбағатай ауданы, «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Мұсатайұлы Ақарыс; Көкпекті ауданы, «№ 1 Самар орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Бритоусов Максим; Катонқарағай ауданы, «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Насетова Айым.
- Үздік либеро – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 6 сынып оқушысы Қайратұлы Теміржан, Көкпекті ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 8 сынып оқушысы Тургульдинов Ильяс; Ұлан ауданы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ-нің 11 сынып оқушысы Мәулен Нұрсұлтан; Ұлан ауданы, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ-нің 9 сынып оқушысы Толеухан Каусар.
- Үздік шабуылшы – Көкпекті ауданы, «Казнаковка орта мектебі» КММ-нің 6 сынып оқушысы Серікбол Нұрдәулет; Ұлан ауданы, «Герасимовка орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Ерғалиев Бекзат; Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 10 сынып оқушысы Баяхметов Руслан; Өскемен қаласы, «№ 10 мектеп-гимназия» КММ-нің 11 сынып оқушысы Дмитриева Варвара.
Жүлделі орындарға ие болғандар:
5-6 сыныптар:
Ұлдар:
1 орын – Көкпекті ауданы,«Казнаковка орта мектебі» КММ;
2 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіаралмектеп - балабақша кешені» КММ;
3 орын – Катонқарай ауданы, «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ.
7-8 сыныптар:
Ұлдар:
1 орын – Көкпекті ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;
2 орын – Тарбағатай ауданы, «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ;
3 орын – Ұлан ауданы, «Герасимовка орта мектебі» КММ.
9-11 сыныптар:
Ұлдар:
1 орын – Көкпекті ауданы, «№ 1 Самар орта мектебі» КММ;
2 орын – Тарбағатай ауданы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ;
3 орын – Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ.
Қыздар:
1 орын – Катонқарағай ауданы, «К. Дамитоватындағы орта мектебі» КММ;
2 орын – Өскемен қ., «№ 10мектеп-гимназиясы» КММ;
3 орын – Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ.

