+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер интеллектуалдық конкурсының қорытындысы
16 Сәу, 21:13

2021 жылдың 15 сәуірі күні «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер облыстық интеллектуалдық конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты - балаларды шын мәнінде ғылымды, білімді танып білуге қызығушылығын тудыратын зияткерлік сайыстарға қатыстыруға, өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске ынталандыру.

Оқушылар өз білімдерін Қазақстан тарихы, математика, ағылшын тілі пәндерінен көрсетті. Әр қатысушы өзі таңдап алған бір пән бойынша тапсырманы орындады.

Конкурс қорытындысы бойынша жеке және жалпыкомандалық қорытынды шығарылды.

І дәрежелі дипломмен 7 қатысушы; ІІ дәрежелі дипломмен 11 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 19 оқушы марапатталды.

Сондай-ақ жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

І орын:

- Бородулиха ауданы командасы;

- Ұлан ауданы командасы.

ІІ орын:

- Абай ауданы командасы;

- Бесқарағай ауданы командасы;

- Жарма ауданы командасы;

- Зайсан ауданы командасы.

ІІІ орын:

- Өскемен қаласы командасы;

- Семей қаласы командасы;

- Күршім ауданы командасы;

- Үржар ауданы командасы;

- Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;

- Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты иеленді.

Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.kz/ сайтында орналасқан.

 

 

Конкурс жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!