+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық қашықтық кезеңін өткізу туралы АНОНС
16 Сәу, 16:23

2021 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық қашықтық кезеңін өткізеді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты - өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 8-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары фестиваль-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ДҚББД ШҚ ҒӘ Дарын орталығы, немесе 8 (7232) 75-26-91 телефоны.